ҮЕҰәлеуметтік идеялары мен жобаларының облыстық байқауындаЖанкелдин ауданының«Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз танылып, 1 миллион теңгенің сертификатын иеленді.
Азаматтық альянс «ГрИн» ҚҚ Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «ҮЕҰ облыстық ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде @qdb_qst ҮЕҰ, бастамашыл топтар, мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар өкілдерін топтастырды.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы-жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін шешуге бағытталған үздік идеялар мен жобаларды көрсету үшін ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың барлық өкілдерінің тең қолжетімділігі бар алаң. Жәрмеңкенің мақсаты — жергілікті қоғамдастық пен түрлі мақсатты топтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту саласындағы ағымдағы жобаларды қолдау.
Байқаудың жүлде қоры 5 миллион теңге. Конкурсқа облыстың 42 үкіметтік емес ұйымдары, азаматтардың бастамашыл топтары қатысып, 5 ұйым жеңімпаз атанды.
«Біз өз жобамызда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында облыстың оңтүстік өңірлерінде қараусыз қалған саябақтарға күтім жасауды көздедік. Жобамызды «Жүрегімнің дүрсілі – Торғай» деп атадық. Алдағы уақытта саябақтарды абаттандыру жұмыстарымен айналысатын боламыз», – дейді жеңімпаз «Жалын» жастар ұйымының төрағасы Мейрамбек Бейсенбек.
Шалғайдағы аудан жастарының тың бастамалары көпшіліктен қолдау табатынына сенім мол.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Жанкелдин ауданы