Жангелдин ауданында полиция қызметкерлері киікті заңсыз аулау дерегін анықтады.
Аталған дерек жануарлар дүниесін қорғауға және браконьерліктің алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар кезінде белгілі болды.
Тескеріс барысында автокөлік тіркемесіне тиелген киіктің ұшасы және пышақ тәркіленді. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы — «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлермен заңсыз айналысу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция киіктерді заңсыз аулау ауыр қылмыс саналатынын еске салады.
