23 мая, 2025
Полицейлер құрамында есірткі бар кәмпиттер айналымға шыққаны туралы ақпаратқа сенбеуге шақырды

Полицейлер құрамында есірткі бар кәмпиттер айналымға шыққаны туралы ақпаратқа сенбеуге шақырды

Қазіргі таңда WhatsApp чаттарында «құлпынай квик» кәмпиттері мен құрамында есірткі-кристалды метамфетамині бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екені жайлы ақпарат тарап жатыр.  Облыстық полиция департаменті бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Қоғамда дүрбелең жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн», – деп ескертеді ПД.

 

Сонымен қатар ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске салады.