Мәдинет басқармасының бастамасымен Алтынсарин байқауы үздіктерінің жинағы шығарылады

Мәдинет басқармасының бастамасымен Алтынсарин байқауы үздіктерінің жинағы шығарылады

Мемлекет басшысы жастарды оқуға деген сүйіспеншілікке баулу қажеттігіне назар аударып келе жатыр.  Мәдениет басқармасы әртүрлі форматтағы жобаларды жүзеге асыру арқылы осы бағытта айтарлықтай жұмыс жүргізуде. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов өңірлік коммуникация алаңындағы баспасөз мәслихатында айтып берді.

Солардың бірі – Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы. Байқау  облыс әкімдігімен 2021 жылы Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында әдебиеттерді қолдау, авторларды іздеу және ілгерілету мақсатында құрылған болатын.

“Бұл жоба Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының қолдауымен жүзеге асырылуда. Байқаудың басым міндеттері – әлемді тануының өнімді тәсілі ретінде өскелең ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын ояту.  Отбасылық оқуды қалыптастыруға жәрдемдесе отырып,  баспагерлердің, кітап сатушы ұйымдардың, кітапхана қызметкерлерінің, оқырмандардың, ата-аналардың назарын қазақстандық авторлардыңшығармаларына аудару”, – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтарда мерейтойлық бесінші байқау басталды. 17 наурызға дейін проза бағыты бойынша (жанрлық формалар – роман, повесть, пьеса, әңгімелер, ертегілер кітабы) қостанайлық, қазақстандық авторлардың  қатысуға мүмкіндігі бар.

“Байқау Ережесінде жеңімпаздарын «Қазақ тілінде балалар және жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма», «Орыс тілінде балалар және жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма» номинациялары бойынша ақшалай сыйлықтармен марапаттау көзделген. Біздің байқауымыздың ерекшелігі – шығармалардың мақсатты аудиториясы – балалар жеңімпазды анықтау мүмкіндігіне ие. Оған «Балалар қазылар алқасының таңдауы» арнайы сыйлығы беріледі”, – деді Саят Жүсіпов.

Байқаудың басты қорытындысымен облысымыздың кітапханаларына келіп түсетін «Таза бұлақ» байқауының үздік жұмыстарының жинағы шығарылады. Байқауды Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өткізеді.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

 

Жаңалықтармен бөлісу