Алтынды заңсыз өндірген қостанайлық тұрғын жауапқа тартылды

Алтынды заңсыз өндірген қостанайлық тұрғын жауапқа тартылды

Қостанайлық азамат  ұзақ уақыт бойы заңсыз алтын өндіріп келген.  Дәлірек айтқанда, жерін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге пайдаланудың орнына, топырақты жуу әдісі арқылы бағалы металдар өндірумен айналысқан.

ҚР  Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты жер ресурстарын басқару департаменті Жітіқара аудандық прокуратурасы арқылы ішкі істер органдарымен бірлесіп, жайылымдық жер учаскесінде орын алған осы бір заңсыздықтың  жолын кесті.

“Аумақты тексеру кезінде арнайы техника, металл іздегіштер және пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге арналған басқа да құралдар табылды. Сонымен қатар, құнарлы топырақ қабатының жойылғаны тіркелді. Осыған байланысты департамент тарапынан ЖШС-ға 2,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер нәтижесінде бұзылған құнарлы топырақ қабатын қалпына келтіру міндеттелді”, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Жаңалықтармен бөлісу