Арқалықтағы ескі тұрғын үй жөндеуден өтеді

Арқалықтағы ескі тұрғын үй жөндеуден өтеді

Байтұрсынов көшесі №12 мекенжайында орналасқан көп қабатты үйді жөндеп қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 974,4 млн теңге қаражат бөлінген.

Ұзақ жылдардан бері консервацияланып тұрған көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын “Мыржықов” жеке кәсіпкерлігі қолға алған. Қазір бос тұрған ғимараттың ішкі құрылысын қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

«Қоқыстан тазартып жатырмыз. Кірпішпен бітеліп тұрған терезелерін әзір ашпаймыз. Себебі, ішке суық кіріп кетеді. Терезелерге тапсырыс беріп қойдық. Сәтін салса, бес-алты айда аяқтап шығамыз», – дейді кәсіпкерлік басшысы Еркебұлан Мыржықов.

Үйдің ішкі жұмыстарын атқаруға 16 құрылысшы жұмылдырылған. Бұл кәсіпкерлік таяуда ғана осындай халде тұрған 48 пәтерлі Байтұрсынов көшесі №13 үйді қайта қатарға қосып, халықтың игілігіне берген болатын.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

 Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу