Экология департаменті заңсыз қоқыс орындарын анықтап, жою шараларын жүргізіп жатыр. Спутниктік түсірілімдер арқылы былтыр екі жүзден астам заңсыз қоқыс орны анықталды.

Қазір біразы жойылып, жиырмадан астамы ғана расталмапты. Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы Қуаныш Елеусенов хабарлады.

Оның айтуынша, былтырғы ластаушы заттардың нақты төгінділері де 26%-ға азайып, 133,1 мың тоннаны құрап отыр.

«Қостанай облысындағы қоршаған орта сапасына қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес экология департаментінің тұрақты бақылауында», – деді мекеме басшысы.
БОТА МАНЕТ
