ЗАҢҒА ЖАҢА ҰҒЫМ ЕНГІЗІЛДІ

ЗАҢҒА ЖАҢА ҰҒЫМ ЕНГІЗІЛДІ

Облыстық кәсіпкерлер палатасында тауарлар мен тауар белгілері өнім  шығарылған жерлердің нұсқауларын, атауларын тіркеуге арналған  дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Әділет департаментінің, ауыл шаруашылығы басқармасының, кәсіпкерлік басқармасының мамандары, бизнестің өкілдері қатысты.

Облыстық  Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова географиялық көрсеткіш әлемдік тәжірибе екенін атап өтті.

Қазақстан мен Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасында географиялық көрсеткіштердің тиісті қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме бар. Өткен жылы ел зияткерлік меншікті қорғау бөлігінде басқа мемлекеттермен халықаралық келісімдерге қол қойды.

 

Географиялық көрсеткіш осы ұғымдарға енгізілген. Ол өңір экономикасын дамытуға қызмет етеді. Қазақстанда зияткерлік және шығармашылық қызмет құқықтарын қорғауға көп көңіл бөлінеді. Еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесуде ҚР Президенті Қ.Тоқаев елдің экономикалық дамуына жаңа тәсілдер белгіленгенін атап өтті. Зияткерлік меншік жүйесі басқа елдермен тиімді саудаға ықпал етеді және тікелей әсер етеді. Біздің облыста бизнес өкілдері тауар таңбасын қорғау құқығын жиі қолдана бастады. Мәселен, биыл ғана облыс бойынша Әділет департаменті 15 тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Оның ішінде екі тауар таңбасы облыс кәсіпкерлеріне тиесілі. “Баян сұлу” кондитерлік фабрикасы биыл халықаралық тіркеуден өтті. Енді олардың тауар белгісі басқа мемлекеттердің аумағында қорғалатын болады. “НИИС” РМК тауар таңбалары мен тауар шығарылған жердің атауларын сараптау басқармасының бас сарапшысы Динара Жапабаева географиялық нұсқауды қамтамасыз ететін құқықтар туралы айтып берді. Географиялық нұсқау құқығы өнімдері қолданыстағы стандарттарға сәйкес келмейтін үшінші тараптың нұсқауды пайдалануына жол бермейді. Географиялық көрсеткіштер әдетте ауылшаруашылық өнімдеріне, азық-түлікке, шараптарға және спирттерге, қолөнер бұйымдарына және өнеркәсіптік өнімдерге қатысты қолданылады. Географиялық көрсеткіш тауарды шыққан жеріне қарай анықталады. Сауда белгісі көбінесе ойдан шығарылған немесе ерікті түрде таңдалған белгіден тұрады. Географиялық көрсеткіште қолданылатын атау, керісінше, географиялық ауданның атауымен алдын-ала анықталады. Дөңгелек үстелде географиялық көрсеткіш құқығын пайдалана алатын өндірушілердің мысалдары келтірілді. Мәселен, “ДЕП” фирмасында тауар белгісі бар. Сондықтан, тауарды  сатып алған тұтынушы оның Қостанайда өндірілгенін білетін болады. “Рудный ірімшігі де” солай. Мұндай мысалдар көп. Дөңгелек үстелде бизнес өкілдеріне  тауар белгісі бойынша ғана емес, өндіріс аймағына қатысты тауарларды тануды кеңейтуге мүмкіндік беретін түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу