Қостанайда 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған Businessman planning and analyse investment marketing data.

Қостанайда 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев бизнес қауымдастығымен кездесті. Шаһар басшысы алдымен облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысына тоқталып, қаланы одан әрі дамытуға бағытталған тың жобалармен таныстырды.

Бүгінде қалада 35 мыңнан артық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 78 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Салық түсімдерінің 55% орта және шағын бизнестен келеді. Марат Жүндібаев бұны қолайлы инвестициялық ахуалдың артқанының көрсеткіші деді.

            Облыс орталығының экономикалық-әлеуметтік дамуында бизнестің рөлі қашанда ерекше. Кәсіпкерлікті қолдау жобасы шеңберінде 34 жоба іске асты. Нәтижесінде 3 мыңнан астам тұрықты жұмыс орындары пайда болды. Салынған жаплы инвестиция көлемі 104,3 млрд теңге. Жүзеге асқан жобалар қатарында “Аруана-2010” ЖШС бар. Жобаның құны 2,3 млрд теңге болды. Қазір 100 адам жұмыс істеп жатыр. Жақсы нәтижеге қол жетгізген “Милх” ЖШС атап өтуге болады. 7,2 млдр теңгеге ірікшік өндіретін кешен салды. 35 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, “Кайзен” ЖШС шикізаттан қаптамаға дейін толық циклді бұршақ дақылдарын өндеу зауытын іске қосты. Құны – 4 млрд теңге. Онда да 70-тен аса адам тұрақты қызмет етуде, – деді М.Жүндібаев.

Қалада іске асатын ірі жобаның бірі – «Hilton Garden Inn» брендті қонақүйінің құрылысы. Нысан “Триатлон паркі” аумағына бой көтеретін болады.

           Мәселен, келесі жылы әлемге әйгілі «Hilton Garden Inn» брендінің қонақ үйін салу жоспарланып отыр. “Триатлон паркі” ауқымды жобасы аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлер жаңа қонақүйдің айналасында және саябақ аумағында өз кәсібін дамытуға ниетті. Ол жерден мейрамхана, кофехана, спорт және ойын алаңдарын ашқысы келетіндердер бар. Біз қаланы дамытуға арналған барлық жобаларға қолдау білдіреміз, – деді қала әкімі.

Гүл сатумен айналысатын кәсіп иелері кездесуде дүңгіршектердің жағдайына алаңдап сауал қойды.

            Көше жарықтандыру желілері қайта жаңартылып жатыр. Ескі бағандар алынып тасталды.  Біз бұрын сол арқылы электр көзіне қол жеткізіп отыр едік. Энергия желілеріне қосылуға техникалық шарт жасаттық. Алайда бізге желілерді жер астымен өткізіңдер деді. Жаңа тастөсемдер төселген. Ол үшін біршама жерді қазып, бүгдіруге тура келеді, – деді өзін гүл сататын дүңгіршектің иесімін деп таныстырған Наталья.

Марат Жүндібаев желінің өткізу үшін ешқандай жерді қазудың қажет емес екенін айтты.

           Сіздерді жер қазуға ешкім міндеттемейді. ТКШ бөлімінің басшысы сізге талап бойынша қалай істеу керек екенін түсіндіреді. Бизнестің жолын кесетін ойымыз жоқ. Тек дүкендеріңізді ретке келтірсеңіздер жеткілікті, – деді М.Жүндібаев

Сондай-ақ, газетіміздің өткен санында қаланың бірқатар көшесінің дизайн-кодын визуализациялау мәселесі талқыланғанын жазған едік. Қала әкімі бизнес өкілдерін есіне тағы салды. Ғимараттар мен бизнес нысандарындағы бейберекет орналасқан жарнамалар мен тақтайшаларды ретке келтіруге шақырды.

            Арнайы әзірленген дизайн-код қаланың барлық көшесіне қолданылады. Кәсіп иелерін атсалысуға шақырамын. Қала ортақ үйіміз. Дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырып, кәсіпкерлер қоғамға, халыққа қызмет етсе әл-ауқатымыз артар еді. Сол себепті бизнес өкілдерін жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын. Әкімдік тарапынан барлық қолдау шаралары болады, – деп түйіндеді М.Жүндібаев.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу