World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады. Соның ішінде бірнеше кезеңнен тұратын әлем кубогының өтетін уақыты белгілі болды.
Екінші кезең 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда өтетін болды. Бокстан әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы.
Биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында қорытынды, яғни финалдық бәсеке орын алмақ.