24 мая, 2025
«Волонтерлік» бағыттарының бірі бойынша жобаны іске асыруға 1 млн теңгені тегін ал!

«Волонтерлік» бағыттарының бірі бойынша жобаны іске асыруға 1 млн теңгені тегін ал!

«Жастар Рухы» қоры» корпоративтік қоры облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық жастар жобалары байқауын өткізеді.

Жастар жобалары байқауы – Қостанай облысының 14 пен 35 жас аралығындағы мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері, жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастары үшін үздік идеялар мен жобаларды көрсетуге тең қолжетімді алаң.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсына қатысуға өтініш 2025 жылғы 31 мамырға дейін (қоса алғанда) байқау ережесіне сәйкес jastar_ruhy_qostanai@mail.ru.электрондық поштасы бойынша қабылданады.

Конкурстың ережесімен танысу және өтінім нысанын жүктеу үшін @jastarruhy_qostanai профиль сипаттамасындағы сілтеме бойынша өтіңіз.

 Өткізу форматы:

  1. Қатысушылар өз өтінімдерін 1, 2, 3-қосымшалар бойынша өтінім нысанын толтырып, ғылым, мәдениет, IT, медиа-бизнес, волонтерлікалты номинациясының біріне жататын өз жобасын қосып, электрондық форматта тапсырады.

2. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар жобаларының конкурсын өткізу. Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша әр номинацияда бір жеңімпаз анықталады. Номинациялар саны бойынша 6 үздік жобаның әрқайсысын 1 000 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтармен марапаттау (салық салуды ескере отырып).

  1. Бизнес-тренерлер, табысты кәсіпкерлерден тұратын менторлардың жастар жобаларының конкурсы финалының жеңімпаздарымен 3 кездесуін өткізу. Жеңімпаздар барлық тәлімгерлік кездесулерге қатысуға міндетті.
  2. Өткен жылдардағы жеңімпаздарды тарта отырып, жастармен жоба жеңімпаздарының қорытынды кездесуін өткізу.

Жобаны «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Қостанай облысы бойынша «Жастар рухы» қоры» КҚ жүзеге асырады.

Өтініш қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 31 мамырға дейін.

Қаржыландыру сомасы:

әрқайсысы 1 млн теңгеден 6 жоба қаржыландырылады.