31.07.2025
Волейболдан Әулиекөл ауданының біріншілігі өтті

Волейболдан Әулиекөл ауданының біріншілігі өтті

Жарысқа 10 команда қатысты. Турнирді Әулиекөл ауданының спорт бөлімі ұйымдастырды.

Төрешілер алқасын спорт бойынша Әуезхан Елубай басқарды.

Бірінші орынды Новоселов кентінің командасы, екінші орынды Сосновк кентінің командасы және үшінші орынды Әулиекөл ауылының командасы иеленді.

Командалар медальдармен, грамоталармен марапатталды.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА