25 мая, 2025
Ұлыстың ұлы күніне орай БАҚ қызметкерлер арасында асық атудан Наурыз турнирі өтеді

Ұлыстың ұлы күніне орай БАҚ қызметкерлер арасында асық атудан Наурыз турнирі өтеді

Облыстық БАҚ қызметкерлері арасында асық атудан Наурыз турнирі Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының спорт залында 14 наурыз күні 15:00- де басталады. Оған әр редакциядан үш адамға дейін қатыса алады.

Қатысушыларға ұлттық киім киіп келуді ұсынамыз.

Ойын ережесі оп-оңай: белгілі бір межеде тұрған асыққа дәл көздеп тигізу керек.

1, 2, 3 орын алған жүлдегерлерге және жеңіске деген ынта білдірген екі қатысушыға сыйлықтар беріледі.

Қатысам деушілер 13 наурыз сағат 18.00-ге дейін тіркелуі қажет. Аты-жөнін, қай редакциядан екенін айтса жеткілікті.

Тіркелу үшін 8 701 855 96 76 (Аслан) whatsapp нөміріне хабарласыңыз.

Ұйымдастырушылар: облыстық «Қостанай таңы» газеті және Қазақстан журналистер одағы Қостанай филиалы.