Тобыл қаласында Наурыз мерекесіне орай ауыл клубтарының ұйымдастырушыларына арналған «Сахналық жекпе-жек» өнер байқауы өтеді. Байқау Қостанай облысының қалалары мен аудандарына қарасты ауыл клубтарының мәдениет ұйымдастырушылары арасында өткізіледі
Байқаудың мақсаты:
Ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін көтеру;
ауыл клубтарының шығармашылық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қызметін қолдау;
жергілікті композиторлардың шығармаларын қайта жаңғырту және көпшілікке ұсыну;
республикалық және облыстық деңгейдегі байқауларға үздік мәдениет қызметкерлерін дайындау.
Байқауға 11 қатысушы – ауылдық және қалалық клуб қызметкерлері қатысады.
Бұл іс-шара Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кино бейнеқорорталығының ұйымдастыруымен 2025 жыллдың 12 наурызында «Алтын дән» мәдениет үйінде 11:00 – де басталады.