Ұлы тұлғаларды ұлықтаған Тіл мерекесі

Ұлы тұлғаларды ұлықтаған Тіл мерекесі

5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Дәл осы күні елде Тіл мерекесі қатар аталып өтеді. Қостанайдағы салтанатты жиын Абай Құнанбайұлының 180, Міржақып Дулатұлының 140 және Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен астасты.

Мерекеге мәдениет және тіл саласы мамандары, зиялы қауым, қоғам белсенділері мен түрлі этнос өкілдері қатысты. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ашып, құттықтау сөз сөйледі.

– Тіл – халықтың жүрегі, елдіктің айнасы. Тобыл-Торғай жері – ұлылардың кіндік қаны тамған қасиетті өлке. Бүгінде облыста мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру бағытында елеулі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақ тілін оқыту орталықтарында мыңдаған тұрғын тіл үйренуде, – деді ол.

blank

Мереке аясында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі облыстық Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Кенжеғали Бимағанбетов пен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Тоты Айтмағамбетоваға табысталды.blank

Сонымен қатар бірқатар азаматқа министрдің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және облыстық Мәдениет басқармасының Алғыс хаттары табыс етілді.blank

Арнайы номинация иегерлері де сахна төріне шығып, еңбектері еленді.

  • «Ұлт рухының жанашыры» – Рудный қаласы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, тіл жанашыры Жаңбыршы Тлеуғабылов.
  • «Әлем әдебиеті – қазақ тілінде» – әлем әдебиетін қазақ тіліне аударып жүрген жазушы Абылай Маудан.
  • «Ұлттық экран – ұлт үні» – «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының редакторы, қазақ тіліндегі жобалардың авторы Анель Пимичева.
  • «Абай дана, Абай дара қазақта» – Жанкелдин ауданы Амангелді атындағы мектептің 10-сынып оқушысы, «Абай оқулары» байқауының жүлдегері  Нұрикамал Асқарқызы.
  • «Қазақ тілін жүрекпен үйренген» – Денисов ауданының №3 мектебінің 10-сынып оқушысы Кэтрин Майер.

blank

Жиын барысында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ «Қазақ тілі» қоғамы Қостанай облысы филиалының төрағасы Заңғар Санай бірқатар азаматқа «Тіл жанашыры» статуэткасын табыс етті.blankblankblankblank

Ұлы тұлғалардың рухын дәріптеп, қазақ тілінің мәртебесін биіктеткен бұл мереке елдің рухани бірлігін нығайта түсті.blank

Толығырақ газет бетінен оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суреттерді түсірген – Айдана МАРАТ