Алаштың алғашқы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің дүниеден озғанына 135 жыл толып отыр. Осыған орай Ыбырай музейiнiң ұйымдастыруымен ұстаз кесенеciнiң басында еске алу ic-шарасы өткiзiлдi.
Жиынға жергiлiктi зиялы кауым өкілдерi, ыбырайтанушы ғалымдар, Л.Толстой атындағы ғылыми әмбебап кiтапханасының қызметкерлерi,
C.Мәуленов атындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары және Башқұртстан Республикасының Учалинский, Мечетлинский, Кигинский, Дуванский, Салаватский, Бурзянский, Баймакский, Зилаирский, Белорецкий аудандарының ұлт өкілдері келiп қатысты. Ұстаз рухына құран бағышталды. Өнегелi өмiр жолынан ғибратты әнгiмелер айтылды. Тағылымы мен тәрбиеci мол iс-шаранын сонында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Республикалық маңызы бар қасиеттi нысан саналатын Ыбырай кесенеciнiң аумағына тазалық жұмыстары жүргiзiлдi.
Назгүл Шектібаева
Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің Бас қор сақтаушысы