Бірнеше күн ішінде 6697 әскери бөлімінің офицерлері мен әскери қызметшілері мемлекеттік-құқықтық даярлық, дене шынықтыру, атыс даярлығы бойынша сынақтардан өтті, радиациялық химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі нормативтерді орындады, сондай-ақ жеке құрамда жалпы әскери жарғы бойынша білімдері тексерілді.
Қорытынды тексеруді тапсыру барысында дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындауға және жауынгерлік табельдік қарудан бақылау ату жаттығуларын тапсыруға ерекше назар аударылды, онда әскери қызметшілер атыс даярлығы бойынша нормативтерді іс жүзінде орындау дағдыларын көрсетті.
“Қорытынды тексеру бүкіл жеке құрам үшін кешенді емтихан. Әрбір әскери қызметші өзінің кәсіби жарамдылығына жеке баға алады. Қорытынды тексеруді тапсыру нәтижелері бойынша 6697 әскери бөлімі қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын екендігін куәландыратын “жақсы” жалпы бағасын алды, – деп атап өтті жауынгерлік даярлық бөлімшесінің бастығы майор Алексеев Евгений.
Қорытынды тексеруді сәтті тапсырған әскери қызметшілерге олардың жеке дайындық деңгейіне сәйкес келетін сыныптық біліктілік беріледі.
Қорытындылай келе, Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Сағандықов Ілияс Ниязұлы жеке құрамның алдында тұрған міндеттерді орындауға дайындығын жоғары бағалап, жазғы тексерісті сәтті тапсыруымен құттықтады.
ДулатШарипбаев,
майор.