Ұлттық ұланның әскери бөлімі тілдерді оқыту орталығымен келісімге келді 

Ұлттық ұланның әскери бөлімі тілдерді оқыту орталығымен келісімге келді 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімі мен Қостанай облыстық тілдерді оқыту орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы ресми түрде меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумға Қостанай облыстық тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Ж. Науразбаев, «Тілдарын» тілдерді оқыту орталғының басшысы Т. Айтмағамбетова, 6697 әскери бөлімі командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары подполковник Е. Сараубеков, 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қатысты.

“Меморандум бөлімінің әскери қызметшілерінің арасында тіл деңгейін көтеруге бағытталып отыр. Мемлекеттік тілді оқыту сабақтарында қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті, қазақ ақындары мен жазушыларының өмірі мен шығармалары насихатталады. Бұл көпшілік іс-шараларды қос мекеме мамандары бірлесіп ұйымдастыруға сеп болғалы тұр”, – бөлім командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары, подполковник Е. Сараубеков.

Жаңалықтармен бөлісу