“Ұлттық спорт күні”  ұлықталды

“Ұлттық спорт күні” ұлықталды

“Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде” ұлттық спорт түрлерінен байрақты бәсеке өтті.

Тартысты өткен сайысқа аудан әкімі Шота Оспанов, спорт саласының ардагерлері және де ұлттық спорт жанашырлары куә болды.

Аудан әкімі спорт жанкүйерлері мен қатысушыларды мерекемен құттықтап,тілегін арнады.

“Он күндік іс-шараның жалғасы спорттық сайыстармен жалғасып жатыр. Ұлттық спортты ұлықтау баршамыздың міндетіміз. Сондықтан жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін.Жеңіс тұғырынан көрінулеріңе тілекшімін” – деді аудан әкім Шота Сәбитбекұлы.

Қазақ күресі, асық ату, өгіз тартыс түрлерінен өткен жарыста мықтылар күш сынасты. Қазақ күресінен 66 кг салмақта белдескен Ерұлан Рахымжан 1 орынды жеңіп алды. 2 орынды Ғасыр Самат иеленсе, 3 орынды Нұрислам Қалабай қанағат тұтты. 82 кг салмақта Жұмабек Қабылшақ “Түйе палуан” атанды.

Қазақ күресінің “Ең жас спортшысы” аталымы 15 жасар Нұрдос Жайлаубайдың еншісіне бұйырды. 45 жасар аралығында ардагер спортшы Рауан Бейсенбай “Түйе палуан” атағына лайықты деп танылды. 90 кг салмақ арасындағы “ӨГІЗ ТАРТЫСТА” үшінші орынды Дархан Манаш, екінші орынды Бақыт Кәрім, бірінші орынды Мейрамбек Бейсенбек иемденді. Ақтық сайыста 90 кг салмақтан жоғары палуандар арасында Бағдат Ертасов чемпион атанды. “АСЫҚ АТУ” бес табан аудандық біріншілікте Дархан Манаш үздік болды.Жүлдегерлер мен жеңімпаздар арнайы дипломдармен және де ақшалай сыйақылармен марапатталды.

 

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Жанкелдин ауданы

Жаңалықтармен бөлісу