Наурыз мейрамына арналған «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті

Наурыз мейрамына арналған «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті

Бүгін «IQostanay» оқушылар сарайында қаламыздың 100 оқушысы бір мезетте 6 күй орындап шықты.

Оларды басқа өңірлердің студенттері мен оқушылары қолдай түсті.

“Облыстың білім беру ұйымдарынан барлығы 18 мың оқушы, студент және ұстаздар  қатысты. Бұл домбыраға қызығушылық танытқан оқушылар саны жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетеді. Наурыз мейрамына арналған «Күй күмбірі» республикалық челленджі осы өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік мәдениет пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтауға, балалар арасында домбыра ойынын насихаттауға бағытталған”, – деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы А. Ибраева.

Домбырашылар челленджі елімізде екінші рет өтіп отыр. Ол балалар мен жастардың, ұстаздар мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсетуге бағытталған. Іс-шара Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілді.

Жаңалықтармен бөлісу