Ұлт батырына арналған драма сахналанды

Ұлт батырына арналған драма сахналанды

Амангелді Үдербайұлының 150 жылдығына орай І.Омаров атындағы қазақ драма театры Ә.Әбілтаевтың “Қаһарлы 16-жыл” атты драмасын Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде сахналады.

Амангелді батырдың 150, Амангелді ауданының 95 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар легі басталып кетті. Тойға жиналған қауым назарына облыс әртістері бірлесе сахналаған драма ұсынылды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев драманы тамашалап, құттықтау сөз сөйледі.

            – Амангелді Үдербайұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралар легі сәуірден басталды. Ұлт батырының туған жерінде ауқымды іс-шараларды өткізу жоспарланған. Солардың бірі – “Қаһарлы 16-жыл” драмасы. Жоғары деңгейде әзірленгенін көрдік. Труппаға алғыс айтамын. Шығармашылық табыс тілеймін, – деді ол.

Ринат Зәкиұлы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан ықылас гүлін өнерпаздарға табыс етті.

Жаңалықтармен бөлісу