Байқаудың негізгі мақсаты – білім беру саласының үздік ұстаздарын анықтау, педагогтердің кәсіби шеберлігін қолдау және олардың шығармашылық бастамаларына серпін беру.
Байқау мұғалім мамандығының беделін арттыруға, білім беру саласының кәсіби мамандарын қолдауға және еліміздегі білім сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
Педагогтер үшін бұл байқау өздерінің кәсіби жетістіктерін, педагогикалық шеберлігін және білім беру үдерісін ұйымдастырудағы заманауи тәсілдерін таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң болып саналады.
Байқау үш кезең бойынша өтеді. Бірінші, аудандық кезең 27 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өткізіледі. Екінші, облыстық кезең 14-21 қыркүйек аралығына жоспарланған. Ал республикалық кезең 22 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтпек.
