Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Тілеуқабыл Мыңжасар саналы ғұмырын телевизия саласына арнаған. Ұзақ жылдар бойы «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі болып, өңірдегі маңызды жаңалықтар мен өзекті мәселелерді халыққа жедел әрі сапалы жеткізді.

Жоғары кәсібилігі мен азаматтық ұстанымы арқылы талай әріптесіне үлгі болды. Қазақ телевизиясының дамуына өзіндік үлес қосқан ұсатазының артында көптеген дарынды шәкірттері қалды.

Тілеуқабыл Мыңжасардың журналистика саласындағы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен отандық телевизияға қосқан үлесі әріптестері мен көпшіліктің жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!