Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында Қостанай ауданының Октябрь кентінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Ұзынкөл ауданының Ершовка ауылы мен Федоров ауданының Придорожное ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға берілді.
Жаңа медициналық нысандар жоғары сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету стратегиясы шеңберінде ЭКГ аппараттарын, УДЗ, дефибрилляторларды, биохимиялық анализаторларды және т.б. заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.
Бұдан басқа, әрбір дәрігерлік амбулаторияда зертханалық жабдық орнатылады.
Бұл құрылғылар аудандық ауруханаға бармай-ақ талдау жүргізуге мүмкіндік бергелі отыр.
“Жаңа медициналық нысандарды ашу – ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Жаңа амбулаториялар мен ФАП-тар білікті кадрлармен ғана емес, заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл бізге өмір сүру сапасын едәуір арттыруға және азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті жаңа нысандардың ашылуына қатысқан облыс басшысы.
Онда медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін дәрігерлерге қажетті заттардың бәрі бар. Денсаулық сақтау инфрақұрылымының айтарлықтай жақсаруы қазіргі стандарттарға сай. Ең бастысы, ауыл тұрғындары үшін қолжетімді.
Емханалық көмек көрсету жүйесін жетілдіру шеңберінде биылғы сәуір айынан бастап бейінді мамандарға тікелей жүгіну тәсілдері оңтайландырылатын болады. Пациенттер кейбір жағдайларда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандардың қабылдауына жазыла алады. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев