Алтынсарин ауданына қарасты ауылдық округте бүгін көптен күттірген мәдени нысан ашылды.
Облыс әкімі жаңадан салынған ғимараттың ішін аралап көрді.
«Біз тұрған мәдени ошақ таланттардың басын қосатын орта болады деген сенімдемін. Әлі облыста осындай нысандар бой көтеретін болады. Енді ауыл тұрғындары мұнда күн сайын мәдени іс-шараларға куә болады деген үміттемін. Спорт орталығында шынығып, чемпион болаңдар! Ал өнерлеріңді көрейік», – деді әкім орталық тәрбиеленушілеріне.
Ол жерде үстел теннисі, жаттығу залы, күрес-би үйірмелері жұмысын бастап кетті. Сап түзеген болашақ балуандар дайындықтарына кірісті.
«Біз үшін мәдениет үйінің ашылуы маңызды оқиға болды. Мұнда шығармашылықпен айналысып қана қоймай, жастардың спортпен шұғылдануына да мүмкіндік бар. Оның барлығы бос уақытымызды қызықты өткізуге көмектеседі», – дейді ауыл тұрғыны Талғат Қапиятов.
Бұл орын алдағы уақытта жастарды біріктіріп, дамуына жол ашатын тамаша мекемеге айналғалы тұр.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген — Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ