Он алты отбасы баспаналы болды

Он алты отбасы баспаналы болды

Алтынсарин ауданының Обаған ауылында қос пәтерлі сегіз үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындар қоныстанып үлгерді.

Бүгін ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов қуаныш иелері Сүйесіновтердің отбасына барды.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ауылдық жерде осындай бағдарламалар қолға алынып жатыр. Бұл аудан көлемінде жүзеге асқан екінші жоба”, – деп атап өтті облыс әкімі.

Отағасы Жандос Сүйесіновтің әкесі Ерман ақсақал да балаларының қуанышын бөлісуге келіпті.

“Өзім Қостанайдағы кіші баламның қолында тұрып жатырмын. Осында үлкен ұлдың қуанышына ортақтаса келдім. Торғайда қырық жыл байланыс саласында жұмыс істедім”, – дейді Ерман Сүйесінов.

Отағасы Жандос Большой Чураков ауылындағы шаруашылықта механизатор болып еңбек етеді. Гүлшат екеуінің алты баласы бар. Үлкендері студент.
Аудан әкімі Арнұр Сартовтың айтуынша, кезекте әлі де жүз жиырма адам бар.

“Былтыр 150 адам болды. Осы жолы он алты отбасыны қоныстандырдық. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табады”, – дейді Арнұр Сартов.

Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу