27 июня, 2025
ТЖМ қызметкерлері жолда қалған жүргізушіге Toyota Hilux көлігімен көмекке келді 

ТЖМ қызметкерлері жолда қалған жүргізушіге Toyota Hilux көлігімен көмекке келді 

Ол Аманкелдіден 13 шақырым жерде көлігімен қарға батып қалып, құтқарушылардан көмек сұрап жүгінді.

ТЖМ құтқарушылары оқиға болған жерге Toyota Hilux көлігімен тез жетіп, көлікті қардан жолдың тазартылған жеріне сүйреп шығарды.

Ер адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ескертеді.