Тұрғындарға шұғыл ескерту жарияланды 

Тұрғындарға шұғыл ескерту жарияланды 

Бүгін Қостанай облысында ауа райы нашарлайды. Оңтүстік және шығыста тұман, ал солтүстікте оңтүстік-батыстан соққан жел күшеюі (15-20 м/с) ықтимал.

 

«Жүргізушілерден сақ болуды сұраймыз.Ұзақ сапарларға шықпаңыз.Қысқы дөңгелектерді пайдаланып, көліктің техникалық жағдайын тексеріңіз. Жол жағдайы туралы ақпаратты ТЖД мен «ҚазАвтоЖол»-дан алуға болады», – деп ескертеді облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және қозғалыс шектеулерін ескеруге шақырды.

Ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай облысында бірнеше жол учаскесінде қозғалыс шектелді. Температура -38 градусқа дейін төмендеуі және көрші Ақмола облысында жолдардың жабылуы себепті осындай шаралар қабылданғаны хабарланды.

«Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тас жолының 108-232 шақырымында –  Әулиекөл селосынан Ақмола облысына дейінгі,

«Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» бағытының 339-377 шақырымында – Арқалық қаласынан Ақмола облысына дейінгі республикалық жолдар жабылса, облыстық маңызы бар:

«Әулиекөл Жалдама»,

«Арқалық-Торғай»,

«Торғай-Шілі-Аралкөл» бағытындағы жолдарда қатынас шектелді.