Тұрғын үй, әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынмен жүрді

Тұрғын үй, әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынмен жүрді

2025 жылдың қорытындысы бойынша, өңірде 517 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бастапқы жоспар 500 шаршы метр болған еді. Бұл жөнінде облыс әкімі KIA заутында өткен жиында мәлімет берді.

Сондай-ақ былтыр үй кезегінде тұрған әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға 546 жалдамалы пәтер кілті табыс етілді.

blank blank

Бұл 2023 жылғыдан 3,3 есе көп.

blank

«Мұнымен қоса өткен жылы облыста 51 әлеуметтік нысан салынды. Жеті мектеп ашылды. Оның төртеуі — Қостанай, Рудный қалаларындағы, Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентіндегі келешек мектептері. Облыс орталығында, Рудныйда, Әулиекөл, Денисов, Қостанай аудандарында 6 балабақша пайдалануға берілді. Жангелдин, Қостанай аудандарында 3 балалар шығармашылық үйі, Қостанай және Арқалық қалаларында оңалту орталығын аштық»,– деді Құмар Ақсақалов.

Бұдан бөлек, Арқалықта, Қамысты, Ұзынкөл, Қостанай аудандарында 4 мәдени нысан бой көтерді. Барлық өңірде 10 медициналық мекеме және 19 спорт нысаны пайда болды.

Жандос Жүсіпбек

Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев