Облыста жеті ірі инвестжоба жемісті жүзеге асты

Облыста жеті ірі инвестжоба жемісті жүзеге асты

Бұл туралы КІА зауытында өткен, 2025 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған жиында айтылды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, былтыр барлық макроэкономикалық көрсеткіш оң динамикаға ие.

blank blank

Мемлекет басшысы жыл сайын экономиканың даму деңгейін кем дегенде 6 пайыз өсіруді тапсырса, Тобыл өңірі бұл межені 8% нәтижемен аяқтады.

blank

«Соңғы үш жылда облыс бюджеті 1,5 есе, орташа жалақы да 1,5 есе, негізгі капиталған түсетін инвестиция 1,6 есе өсті. Осы мерзім ішінде шетел инвестицияларының сомасы 1,5 млрд долларға жетті. 2025 жылғы экономика өсімі де республикалық көрсеткіштен жоғары болды. 47 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 26,4 мың жұмыс орны ашылды. АӘК алатын отбасылар саны 23,7% азайды, – деді өңір басшысы.

Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,5 трлн теңгеге тең. Өңірде жеті ірі инвестжоба іске асты. Олардың жалпы сомасы – 322 млрд теңге. Ең ауқымды жоба – КІА автозауыты. Мұнда корейлік көліктің 13 түрлі моделі құрастырыла бастады. 1500 жұмыс орны ашылып отыр.

«2025 жылы екі ірі жоба: жүк көлігі бөлшектерін шығаратын зауыт және өндірісті желіліктендіру орталығы іске қосылып, 650 адам жұмыспен қамтылды,– деді Құмар Ақсақалов. – Қазір облыс орталығында «Тобыл» халықаралық көлік-логистика кешені салынып жатыр. Инвестиция көлемі – 64 млрд теңге. Оның 6 млрд теңгесі игеріліп, жүк түсіру-тиеу алаңының 26 мың шаршы метрі бой көтерген. 2,7 шақырым теміржол төселді. Бұл келешекте жүк тасымалы ауқымын 20% арттырмақ».

Ауыл шаруашылығы саласында да іске қосылған инвесжобалар бар.

Атап айтсақ, 7 заманауи өнеркәсіптік сүт-тауар фермасы ашылды.

Биыл тағы бесеуі пайдалануға беріледі.

Бұл сүт өндірісін екі есе көбейтпек. Бұдан бөлек, елдегі ең ірі кондитерлік кәсіпорын – «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы аяқталуға жақын.

Жандос Жүсіпбек

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев