Тұрақты даму мен еріктілік: жаңа мүмкіндіктер мен бастамалар

Тұрақты даму мен еріктілік: жаңа мүмкіндіктер мен бастамалар

Еріктілер арасындағы «Үздік экологиялық стратегиялар» конкурсының жеңімпазына 1 млн теңге грант беріледі. Марапат жыл соңындағы салтанатты кеште тапсырылады. Үміткерлер оған дейін бастаманы әзірлеп, іріктеу, жобаны қорғау кезеңдерінен өтеді. Бұл туралы «Тұрақты даму жолындағы еріктілік жөніндегі халықаралық жыл» атты брифингте облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Ғазез хабарлады.

Оның сөзінше, облыстағы 3 мыңға жуық еріктілерлің 2 456 жастарды құрайды. Волонтерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2026 жылы облыс бойынша жалпы сомасы 19 245 мың теңгеге 11 жоба іске асырылуда. Оның ішінде облыстық жастар ресурстық орталығы 5 млн теңгеге «Қостанай облысында волонтерлікті ілгерілету» жобасын іске асыруда.

«Соңғы 6 жылда Қазақстанда волонтерлік айтарлықтай өсті және дамудың тұрақты серпінін көрсетеді. Жыл сайын Ұлттық еріктілер желісіне 60 000-нан астам еріктілер тартылады. 200-ден астам адам «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды», – дейді «Ұлттық волентерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк.

Брифингтің бірінші бөлімінде сөз сөйлеген үш спикердің қатарында  волонтерлердің өңірлік фронт-офисінің жетекшісі Сымбат Манатова:

blank

«2025 жылдың қорытындысы бойынша 2211 іс-шара өткізілді, оған 22 мыңнан астам еріктілер қатысты, олардың жалпы үлесі 4800 сағаттан асады. Фронт-офис сонымен қатар жаңа көшбасшылар үшін өсу алаңына айналды. Бүгін біз нақты мысалдарды көріп отырмыз: Манарбекова Малика, Дүкенбаева Милина,  Юрий Вагин — бұл еріктілер қозғалысында өскен және бүгінде өз бастамаларын дамытып жатқан белсенділер. Лисаковте де, облыс деңгейінде де жобаларды жүзеге асыратын Глеб Футманды ерекше атап өткен жөн», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Халықаралық волонтерлер жылы деп бекітілді.

Брифингтің екінші бөлімінде қатысушы өңірдің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, спикерлерден жауап алды.

Бота МАНЕТ