Бұдан бұрын «Бозтарғай-2» телесериалының өңірімізде түсіріле бастағанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін осы түсірілімнің мүшелері өңірлік коммуникация орталығында болып журналистердің сұрағына жауап берді.
«Арнамыз соңғы жылдары қазақ сериалдарын көптеп көрермендерге ұсынып жатыр. Биыл алты туындыны көрерермендерге тарту еттік. Соның бірегейі – «Бозторғай» телесериалы. Бұл, білесіздер, осы Қостанай өңіріндегі жас жұбайлардың балалар үйінен он бір бірдей баланы асырып алған ерлікке пара-пар оқиғасы желісінде түсірілген маңдайалды туынды. Кейін көрермендерден осы жайлы сауалнама жиналды. Нәтижесінде сауалнама қатысқандардың тоқсан үш пайызы сериалдың жалғасын түсіруді қолдады. Бұл жолғы сериалдың ерешелігі сериалдың Қостанай жерінде түсірілуінде», – деп атап өтті «Хабар» телеарнасы директорлар кеңесінің төрағасы Берік Уәли.