Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, Қазақ журналистер делегациясы Германияның Аахен қаласында «EuroTürk» қорының басшысы Ейюп Өзгүнмен кездесті.
Кездесуде Түркітілдес журналистер қоры, Қазақстан Әйел журналистер клубы мен EuroTürk арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестік орнату, ортақ жобалар жасау т.б. жайлы келісім жасалды.
«Қостанай таңы» газеті де ортақ жобаларды жүзеге асыруға үлес қосуға ниет білдіріп отыр.
Айта кетейік, Германиядағы баспасөз туры аясындағы жиынға Қостанайдан бөлек, Алматы, Талдықорған, Түркістан, Петропавл қалаларының БАҚ өкілдері қатысты.
