«Öztürk» пен «Қостанай таңы» ынтымақтастық орнатты

«Öztürk» пен «Қостанай таңы» ынтымақтастық орнатты

Түркітілдес журналистер қорының бастамасымен «Қостанай таңы» газеті Германияның Билефельд қаласында жарық көретін «Öztürk» газетімен ынтымақтастық орнатты.

Германияның Аахен қаласындағы EuroTürk одағында өткен басқосуда «Ozturk» газетінің бас редакторы Aднан Өзтүрк пен «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Бұл ынтымақтастық Түркітілдес журналистер қорының Қазақ журналистерге арналған Бельгия-Франция-Германия-Нидерланд-Люксембургтің Брюссель, Брюгге, Париж, Роттердам, Антуерпен, Аахен, Люксембург қалаларына ұйымдастырған жобасы шеңберінде жүзеге асты.

Жүздесуде тараптар ақпарат алмасу, тәжірибе бөлісу және журналистердің кәсіби шеберлігін арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Бұл келісім қоғамдық қор мен басылым арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, халықаралық медиа ынтымақтастығын дамытуға да жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сонымен қатар аталған медиамен «Солтүстік Қазақстан» облыстық газеті де ынтымақтастық туралы келісім жасасты.