Кешегі Ұлттық Құрылтайда Президент “Астана-Аркалық -Торғай – Ырғыз-Ақтөбе” жолының салынуы жайында және Арқалық қаласының әуежайының қайта қалпына келтіретіні жөнінде айтты.
Бұл біздің өңір үшін күрделі мәселе еді, Астананың Батыс өңірімен байланыстыратын автожол салынады дегеніне неше жыл болды, халық осы жолды аңсап күтіп жүр.
Бұл біздің өңірдің дамуына, инфрақұрылымының жақсаруына, халықтың өмір сүру сапасын көтеруге қажет. Осы мәселені күрделі деп Үкіметке осы жобаны қолға алуға тапсырған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін. Біздің ауданның халқының қуанышында шек жоқ, Президентке ризашылығын білдіруде.
Тағы бір қуанышты жаңалық облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысқан Арқалықтағы жиында айтылды. Талай түлекті қанаттандырған Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институты енді университет атанбақ. Осы бастаманы өңір басшысы өзі көтеріп еді, бұл да жүзеге асты. Аймақ әкіміне ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да Торғай өңірінің дамуы үшін көп жұмыс істейді деп сенемін.
Гүлбану Сәрсекей,
Торғай мұражайлар кешенінің басшысы