Жаңа жол мен әуежайдың салынуы аймақтың дамуына оң әсерін тигізеді

Жаңа жол мен әуежайдың салынуы аймақтың дамуына оң әсерін тигізеді

Ұлттық құрылтайдың соңғы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тікелей шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауды тапсырды.

Бұл жаңа күре жол орталық және батыс аймақтардың арасын 560 шақырымға қысқартып, тұтас Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба болмақ.

Сонымен қатар, Президент Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал салу қажеттігін атап өтті. Бұл жоба ішкі көлік қатынастарын едәуір жақсартып, орталық аймақтағы ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге және мал шаруашылығын дамытуға тың серпін береді.

Торғай өңірінің тұрғындары бұл жаңалықты көптен күткен еді, себебі жаңа жол мен әуежайдың салынуы аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізеді. Осы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы Торғай өңірі мен елдің басқа аймақтары арасындағы байланыс нығайып, тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсарады деп күтілуде.

Осындай жаңалықтарға ел болып қуанып жатқан жайымыз бар.

Сабыржан Тасмағанбет, Аманат париясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы

Жаңалықтармен бөлісу