Торғайлық өрендер халықаралық бишілер байқауында топ жарды

Торғайлық өрендер халықаралық бишілер байқауында топ жарды

Астанада өткен “ Dance heroes “ халықаралық би байқауында Жанкелдин аудандық “Dan-as“ шығармашылық үйірмесінің бишілері жүлделі орындарға ие болды.

Онда бишілер 3 жас санаты бойынша қатысқан болатын. 6-7 жас санаты бойынша “Еркетай“ бишілер тобы, 8-11 жас санаты бойынша “Күншуақ“ бишілер тобы және 16 жастан жоғары санаты бойынша “LAULA“ бишілер тобы конкурста өз бақтарын сынады.
“Еркетай“ бишілер тобы “Тентегім“ биін билесе, “Күншуақ“ бишілер тобы “До ре ми“ биімен көрермендерді тамсандырды. Ал, “ LAULA “ бишілер тобы “ Франк с окраин “ атты заманауи биімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Жарыс қорытындысы бойынша “Еркетай“ бишілер тобы  1 – орын, “Күншуақ“ бишілер тобы 2- орын, “LAULA“ бишілер тобы  2 – орын алды.
Жалпы конкурста 112 номер көрсетілді. Соның ішінде торғайлық мың бұралған бишілер осылайша топ жарып шықты.
Жанкелдин ауданы,
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі.

Жаңалықтармен бөлісу