Торғайда түлектер түлеп ұшты

Торғайда түлектер түлеп ұшты

2025 – 2026 оқу жылы Жангелдин ауданында да табысты аяқталды. Ауданда жалпы орта білім беру саласы бойынша 19 күндізгі жалпы білім беру ұйымдары (15 орта, 3 негізгі орта, 1 бастауыш) бар. Ондағы қамтылған барлық бала саны 2020 оқушы.

Ағымдағы жылы жалпы орта оқыту курсын 181 бітіруші (2025 жылы– 147) аяқтады, 9-сыныптарды 205 ( 2025 жылы — 181) түлек бітірді.

11 сыныптардың 181 түлегінің жалпы орта білім туралы үздік аттестатына — 16 үміткер, «Алтын белгі» аттестатына — 10 үміткер бар. Олар:Албарбөгет ЖББМ-1; Жангелдин-2; А.Қоңқабаев-1; М.Дулатов-1; Ы.Алтынсарин-4, Н.Г.Иванов-1.

«Білім сапасының бвсты көрсеткішінің бірі — ол ҰБТ қорытындылары. 2025 жылы аудан бойынша ҰБТ орташа  балы 63,51 балл ( 2024 жылы – 63,5 балл), облыс деңгейінен 0,01 бірлікке өсім берді. Шекті баллдан өткендер саны 108 бітіруші, ол 73% құрайды.

ҰБТ таңдаушылар саны жылдан жылға артып (2025 жылы — 133) келеді. Ол да болса қазақстандық жоғары оқу орындарын таңдағанын дәлелдейді.

blank

Биыл ҰБТ тапсыруды жоспарлап отырған 11 сыныптардың 181 оқушысының, 173 оқушысы  бірінші, екінші мүмкіндікті таңдап отыр, олар бітірушілердің 95,5% -ін құрайды.

blank

11 сынып білім алушыларымен білім беру ұйымдарында қосымша сабақтардан тыс, ақылы, ақысыз онлайн-сабақтарға қатыстырлып, дайындықтары тыңғылықты түрде жүргізілуде»,-дейді Жангелдин аудандық білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы.

МҰРАТ ЖҮНІСҰЛЫ