Торғайда той басталды дүбірлеген

Торғайда той басталды дүбірлеген

Торғай төсінде дүбірлі той басталды. Ұлттың ұлы тұлғасы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналып өтіп жатқан ауқымды іс-шаралардың бірі ұлттық ат спорты ойындары.

Аудан орталығы іргесіндегі атшабарда кеше жаппай көкпар ойындарының іріктеу сайысы басталса, бүгін жанкүйерлердің делебесін қоздыратын аударыспақ қарқын алып, ат жарыстарына кезек берілді.

blank  blank blank blank blank Аударыспақтан білекті де жүректі азаматтар үш салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ұлы бәйге 70 шақырымға межеленіп, таңғы сағат 8:00-де Жанкелдин ауданының Ақшығанақ ауылынан мәре алды. Республикалық көкпар ойындарына қатысқан 8 команда да бүгін іріктеу сынынан өтіп, ақтық бәсекеде өнер көрсетуді бастады.

blank

Атшабар басы жанкүйерлерге лық толы. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін үйде отырып қалмады деуге болады. Өз кезегінде ұйымдастырушылар да тойдың жақсы өтуіне бар күш-жігерлерін салуда.

blank

«Торғай азаматтарының арқасында 3 автокөлік, 38 бас жылқы және 31 миллион теңге ақша жиналды. Бәйгеге ұлы аламанға автокөлік, аламан бәйгеге автокөлік, күрестен 4 салмақтан жеңгендері жеребе тартылып жеңген палуанға автокөлік сыйға тартылады»,-дейді ұйымдастыру алқасы мүшелерінің бірі, елжанды азамат Айбат Әбдір.

blank

Ұлттық ат спорты ойындары бойынша 4 мәреге 200-ге жуық ат тіркелген. Жүлде қорлары ұлы аламанға 1 орыннан 8 орынға дейін, Аламан бәйге 1 орыннан 6 орынға дейін, құнан бәйге 1 орыннан 4 орынға дейін, «Алтын тай» жарысы 1 орыннан 5 орынға дейін тағайындалған. Көкпар командаларына 1 орыннан 8 орынға дейін жүлде қоры белгіленген. Сондай — ақ, аударыспақ ойынына да 1 орыннан 4 орынға дейін жүлде беріледі.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                Жанкелдин ауданы