Оқиға Аманкелді ауданының Амантоғай ауылынан жиырма шақырым жерде болған.
Жарысқа бара жатқан балалары бар екі автобус «Әулиекөл-Жалдама» тас жолында қарға батып қалған.
ТЖМ қызметкерлері автобустан он үш адамды Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді. Оның он бірі – бала.