Футболдан «Тобыл» мен «Жетісу» арасындағы Қостанайда өткен Қазақстан чемпионатының он үшінші турында да отандық ойыншылар ерекше көзге түсті.
Қостанайлықтардың басымдығымен болған кездесудің 18 минутында қарымта шабуылдан Ислам Чесноковтың берген добын Жаслан Жұмашев қақпа торында тулатты. Екінші таймда алаң иелері сәл саябырсыды.
Бұл туралы команда бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев те ойын соңындағы пікірінде айтқан болатын.
«Жігіттер бүгін алаңда өздерін барынша көрсетуге тырысты. Ол нәтижелі жеңіске әкелді. Алайда ойынның екінші таймында қарсыласқа мүмкіндікті беріп қойдық. Келешекте ол қателікпен жұмыс істейтін боламыз», – деген еді бас бапкер.
Дереу бұл ойынның осал тұсын байқаған Нұрбол Жәрдемұлы бұрыштамаға келгенде алаңның бел ортасында жүрген Асхат Тағыберген мен гол авторын ауыстырып тастады. Виктор Брага мен Николай Сигневич ойынға келген беттегі орындалған стандарт голға ұласты. Қорғаушылардың назары енді ғана шыққан Николай Сигневичке ауып тұрғанда, Ислам Чесноков баспен шеберлік көрсетті. Осылайша бір голдық пас, бір голымен үздік ойыншы атанды. Кездесу аяқталар тұста Руслан Болов Мақсат Тәйкенов асырған допты осындай мәнерде қақпаға салды. Ойын есебі 2:1 «Тобылдың» пайдасында.
