Футболдан Қазақстан Olimpbet чемпионатының сегізінші турында Қостанайдың “Тобылы”, алматылық “Қайрат” командасын қабылдады. Алаң иелері ойынды бірінші таймда өз қолдарына алған. Тоғызыншы минутта жартылай қорғаушы Ислам Чесноков сол жақтағы Жаслан Жұмашевқа берді. Жаслан салған жерден қателескен жоқ. Ойынның екінші бөлігіне дейін осы есеп сақталды. Келесі таймда қонақтар қарымта шабуылдарға иек артты. Қорғаушының оң жақтан әуелетіп берген добын шабуылшы Артур Шушеначев басымен қақпаға тоғытты. Кездесудің жетпісінші минуттарында алматылықтар жүйелі комбинацияға көшті. Еркебұлан Сейдахмет пен Жоао Пауло ортадан тамаша доп алмасты. Жоао тоғыздықтан оң бұрышты дәл көздеді. Сары-жасылдар ойынның тоқсаныншы минутында есеп айырмасын 2:2-ге қысқарта алды. Серікжан Мужиков пен Асмир Сульич ортада тамаша ойын ұйымдастырып, допты Милан Вукадиновичке қалдырды. Милан оң бұрышқа шірене тартты. Әуеден жеткен допты Ислам Чесноков басымен қақпаға соқты. Кездесудің қосымша уақытында қонақтар қарымта шабуылды сәтті пайдаланды. Жоао Паулоның тепкен добы қақпашының қолынан кері серпілді. Осы бір ұрымтал тұста”Қайрат” ойыншысы Дмитрий Сергеев кері серпілген допты қайыра тепті. Осылайша соңғы секундта алматылықтар жеңісті жұлып алды.