“Тобыл” ширек финалда

“Тобыл” ширек финалда

Қазақстан кубогының 1/8 финалының жауапты кездесуін Қостанайдың “Тобылы” павлодарлық “Ақсумен” сырт алаңда өткізді.

Алаң иелерінің басымдығымен өткен ойында сары-жасылдар өз қақпаларының жанында жиі қателесті. Нәтижесінде қызыл жиделілердің бұрыштаманы көп орындауына жол берілді. Ашуға булыққан “Тобылдың” қорғаушысы допты бірде бұрыштамаға  қолымен ұрып шығарды. Ойыншының бұл әрекетін war төрешілері бақылап алаң иелерінің пенальти орындауын дұрыс деп шешті. “Ақсу” шабуылшысы Мирас Тұрлыбек он бір метрлік айып добын сәтті орындады. Бұдан кейін қостанайлықтар жинала бастады. Қорғаушының қақпа жанынан асырған добын шабуылшы Игорь Сергеев қайта бұрылып жанындағы Жаслан Жұмашевқа берді. Ол бір қорғаушыдан өтіп, қиғаштап оң бұрышқа шірене тартты. Осылайша сары-жасылдардың ширек финалға шығуына жас жартылай қорғаушы көмектесті. “Ақсу” шабуылшысы Мирас Тұрлыбектің он бір метрлік айып добынан соққан екінші голы павлодарлық командаға пайда әкелген жоқ. Себебі алдындағы ойында қостанайлықтар “Ақсу” қақпасына жауапсыз екі доп соққан еді.

Айбек Ғалымұлы

Жаңалықтармен бөлісу