“Тобыл” футбол клубы жаңа ойыншымен толықты

“Тобыл” футбол клубы жаңа ойыншымен толықты

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметінен ресми түрде хабарлады. Сербиялық орталық қорғаушы Иван Миладинович  мансабын Қостанай клубында жалғастыратын болды.
Ол Сербияның Чуприя қаласында дүниеге келген. Футболдағы  қадамын «Ягодина» жасөспірімдер командасында бастап,  «Табане», «Слога» және «Раднички» сияқты клубтарда өнер көрсетті. 2018 жылы ресейлік «Сочи» клубымен келісім-шартқа отырды. Содан кейін ол «Нижний Новгородта» бір жыл өткізіп, «Сочиге» қайта оралды. «Сочи» сапында Иван 116 матчта алаңға шығып, 3 гол соқты, 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жаңалықтармен бөлісу