24 мая, 2025
«Тобыл» чемпионатты жеңіспен бастады 

«Тобыл» чемпионатты жеңіспен бастады 

Футболдан Қазақстан біріншілігіне жаңадан келген Жезқазғанның «Ұлытау» командасын қабылдады.

Ойын қостанайлықтардың басымдығымен өтті. Бірінші таймның соңына таман былтыр «Атырау» сапында үздік бомбардир атанған Николай Сигневич мергендігімен көзге түсті. Бұрыштан берген Ислам Чесноковтың добын Дмитрий Непогодов қорғаған қақпаға баспен тура бағыттады.

Екінші допты былтыр «Тобылдың» құрамында сұрмерген болған Ислам Чесноков «Атыраудан» ауысып келген Наурызбек Жагоровтың әулете берген пасын сәтті пайдаланды.

Сөйтіп сары жасылдар алғашқы жеңіске қол жеткізді. Келесі турда астаналық «Жеңіс» командасына қонаққа барады.