АНАЛАР АЛҒЫС АЙТТЫ

АНАЛАР АЛҒЫС АЙТТЫ

Арқалық қаласының Аналар кеңесі Алғыс айту күніне орай және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына байланысты ұйымдастырылған «30 нәрестеге бата беру» акциясына қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, аналық мейірім мен ақ батаның маңыздылығын көрсету.

 

Акция аясында ақ жаулықты аналар дүниеге келген сәбилерге ақ тілектерін арнап, ізгі ниеттерін білдірді.

Қазақ халқының дәстүріне сай, әр сәбиге бата беріліп, олардың денсаулығы мықты, өмірі баянды болуын тіледі.

Сонымен қатар, жас аналарға ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтар жайында ақыл-кеңестер айтылып, сый-сияпаттар табысталды.

 «Бұл іс – шара қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға үлес қосып, жас ұрпаққа рухани тәрбие беруге бағытталған игі бастама болды. Қалалық перзентхана ұжымы және жас аналар бізді зор құрметпен қарсы алып, тағылымды, тәрбиелі, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырған аса бір үйлесімді кездесу болды», – дейді қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Қалтаева.

Аналар мен аналардың жүздесуінде ақ тілектермен қатар әсем әуен ән-жырға да кезек берілді.

 Мұрат Жүнісұлы 

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы

 

Жаңалықтармен бөлісу