Қазір өңірде ересектерге арналған 20 тіл үйрету орталығы жұмыс істейді. Ол орталықтарда тілдерді үйренуге барлық жағдай жасалған. Заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.
Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Меңдекинова өңірлік комуникация орталығында айтып берді.
Қазір Тілдерді оқыту орталықтарында 8525 тыңдаушы оқиды. Оның ішінде 6590 – ы мемлекеттік тілді, 1847 тыңдаушы ағылшын тілін, 88 тыңдаушы ана тілін үйреніп жатыр.
– Бұдан басқа, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында 2021 жылдың басынан бастап облыстың барлық өңірлерінде қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. 2023 жылы қысқа мерзімді курстармен 378 адам қамтылып, 242 тыңдаушы сертификат алды (64%), – деді басқарма басшысының орынбасары.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.