23 мая, 2025
«Менің атым Қожа» қойылымы шақырады! Суреттерді түсірген – Жансая Сәбитбек

«Менің атым Қожа» қойылымы шақырады!

Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында жаңа қойылым — «Менің атым Қожа» көрерменге жол тартты!

Бұл – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпаевтың шығармасына деген жаңа серпін.

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі – балалық шақтың шынайы бейнесін көрсететін туынды. Қожа – арманшыл, әділдікті сүйетін, бірақ кейде шалт қылықтарымен басына қиындықтар тауып алатын бала.

Повесть оның мектептегі оқиғаларын, ұстаздармен және достарымен қарым-қатынасын, отбасылық жағдайын баяндап, балалық шақтың қызықтары мен күрделі тұстарын шынайы түрде жеткізеді.

Бұл туынды арқылы автор балалардың өміріндегі маңызды мәселелерді, достық пен отбасының рөлін, армандар мен шынайылықтың қақтығысын терең ашып көрсетеді.

«Менің атым Қожа» – балаларға ғана емес, ересектерге де ой салып, мейірімділік пен адамгершілікке үндейтін шығарма. 1957 жылы жазылған повесть қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналады.

Келіп, әсеріңізді бөлісіп, қойылымның бағасын беріңіз!