Тамерлан Ерденов Тобыл қалалық учаскелік полиция қызметкері. Қостанайлық полицейге мемлекеттік награданы Республика күні қарсаңында ҚР ІІМ министрі Ержан Сәденов табыс етті.
Осылайша, осы 25 шілдесінде оқиға орнына серіктесімен бірге барған полицейдің әрекеті назардан тыс қалмады деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Болған оқиғаны еске сала кетсек, куәгерлер Тобыл қаласындағы үйлердің бірінен өрт шығып жатқанын хабарлайды. Келген бойда мән-жайды анықтаған тәртіп сақшылары жанып жатқан пәтерге лап қойды. Тамерлан Ерденов өз мойнына алған жауапкершілігін ұғып, алыңыз 2-топтағы мүгедекті аман алып қалды.
Құтқарылған ер адам өмірін сақтап қалған полицейлерге алғысын білдірген еді.