Анасы Сандуғаш Сайранқызы өз қуанышымен бөлісті:
“Тұңғыш балам 4 жаста. Екінші баламның есімін ата-әжесінің қалауымен “Ислам” деп қойдық. Баламның туған күні Республика күнімен сәйкес келгеніне өте қуаныштымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін”,– дейді С. Сайранқызы.
Кішкентай батыр сағат түнгі 3:55-те, бойы 52 см және 3кг 330 гр салмақта дүниеге келген.